Бүгін 13 жылдық үзілістен кейін алғаш рет қазақстандықтар мемлекеттік мереке-Ел Президентінің бастамасымен осы жазда қалпына келтірілген Республика күнін атап өтуде.
Биыл біздің мемлекет 31 жасқа толады, бірақ Тәуелсіздікке алғашқы қадамдар ертерек, 1990 жылы жасалды.
1990 жылы 25 қазанда республиканың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Осы оқиғаның құрметіне 1995 жылы бұл күн ұлттық мереке – Республика күні болып жарияланды.
2001 жылғы желтоқсанда Республика күніне мемлекеттік мереке мәртебесі берілді.
Шал ақын ауданында мәдениет үйінде 22 қазанда мемлекеттік мерекеге арналған концерт өтті. Баршаңызға амандық, бейбіт аспан және Отанымыздың одан әрі өркендеуін тілейміз!!!

22.10.2022
Қаралым саны: 62
Қаралым саны: 62